"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Новоселовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Новоселовка отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Арыз жазып кетейін»

26.04.2017

     Тақырыбы: «Арыз жазып кетейін»

     Мақсаты: ақиық ақынның өмірінен мағлұмат

беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, Мұқағали Мақатаев 

поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларын сыры неде

екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып,адамгершілікке, шындықты айта білуге,

адалдыққа, әдемілікке әнінен ләззат ала білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ақынның суреті, қанатты сөздер, кітап көрмесі,гүлдер, буклеттер, слайдтар.

Оқушылар өлең оқиды:  

Толқын:

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

      

     Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

           

Абай болып табынсам бір кісіге,

           

Абай болып түңілем бір кісіден.

                     Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,

                     Мендағы өлең жазбаймын ермек үшін.

                     Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

                    Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін танытқан , айбынды

ақынымыз Мұқағали Мақатаевқабүгінгі кешімізді арнамақшымыз. Жыл керуені алға

жылжыған сайын Мұқағали Мақатаеавтың артына қалдырған

өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқ етіп, күн сәулесін шашып тұрғандай

сезіледі.Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен, бақытты халық.

                Мұқағали ақиық ақын. Әр жас

талантты ұрпақ осы Мұқағали ақынның өлеңдерінен сусындайтыны анық.Мұқағали

ақынның қазақ әдебиетінде өзіндік ерекшелігін көрсетіп дәлелдеп кеткен ақын деп

білеміз.Өзі айтқандай « Жазылар естеліктер мен туралы» дейді ақын.Жарық

дүниедегі аз ғұмырында мәңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген

сияқты.Иә,ақын туралы естеліктер жазылып жатыр. Уақыт өткен сайын Мұқағали

ақынның тұлғасы ақиқат пен аңызға айналған.Оның поэзиясы- халқымыздың байлығы.

Ол халқымен бірге биіктеп, бірге жасайтын ақын.Ендеше дүлдүл ақиық ақынымыз

Мұқағали ақынға  арналған  «Арыз жазып кетейін» атты 5-7

сыныптар аралығында ақынның туған күніне орай 

өтетін  сайысымызды  бастаймыз.

      Аян: 

Сайысымыз бірнеше бөлімнен тұрады:

І . «Таныс тыру» бөлімі әр сынып таныстырады.

ІІ  . «Поэзия  минуты» (ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)

ІІІ .«Білгенге маржан»(Сұрақтарға жауап)

    ІҮ. «Құлақтан кіріп бойды алар» (бір әнін орындайды)

    Ү .Ақынға арнау(өлең шығару)

      Толқын:   

Сайысымызды бастамай тұрып, әділ-қазы алқалармен танысып алайық.

   1.Мектебіміздің  тәрбие ісінің меңгерушісі:    Қонай С

   2. Қазақ тілі мұғалімі :           Нурпииисова К.А

   3.Оқу ісінің орынбасары :     Кап А

Аян:

     Ендеше ең

бірінші бөліміміз  «Таныстыру» бөлімін бастаймыз. Әр сынып өздерін таныстырады.

    1.5-сыныпқа  сөз береміз

   2.6-сыныпқа  сөз береміз

   3.7-сыныпқа сөз береміз

Толқын: Өлең –өнер, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана дүниеге әкеледі, жүрек пен сезімнің

отына орап ақ қағазға түсіреді.

        Ақынның өлеңдері  өзі айтқандай талай болашақтарға арыз жазып,

кеткенін білеміз. Ендеше сол мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда мәңгілік

жаңғыратын жыр жолдарына құлақ   салайық.

   Сайысымыздың

екінші бөлімі: «Поэзия минутына» кезек берейік.Бұл бөлімде әр қатысушы ақынның өлеңін мәнерлеп нақышына келтіріп оқу

керек.

   1.5-сыныпқа  сөз береміз

   2.6-сыныпқа  сөз береміз

   3.7-сыныпқа сөз береміз

 Аян :Келесі бөліміміз «Білгенге маржан» деп аталады.Қатысушыларымыз  сұрақтарға жауап беру  керек. Бұл бөлім тек Мұқағали ақынның өмір

жолына арналады.Мұқият болыңыздар.

               Барлықтарыңызға рахмет . Енді келесі  бөлімге кезек берейік.

   Толқын: Мұқағали ақының поэзиясы бүгінде әнге айналды. Оның

сөзіне жазылған әнднр қаншама. Әндері халық жүрегінен берік орын алып, қуанышы

мен қайғысын бөлісетін жан серігіне айналды. Сайысымыздың келесі бөлімі  «Құлақтан кіріп бойды алар» бөліміне

береміз.Оқушыларымыз Мұқағали ақынның 

сөзіне жазылған әнді орындайды.

   1.5-сынып ән айтады

   2.6-сынып ән айтады

   3.7-сынып ән айтады

    Аян:Келесі бөліміміз «Ақынға

арнау» деп аталады.Мұнда қатысушылар ақынға арнап жазып келген өлеңдерін

оқиды.Әділ-қазы алқаларына тапсырады.

   1.5-сыныпқа  сөз береміз

   2.6-сыныпқа  сөз береміз

   3.7-сыныпқа сөз береміз

Келесі кезекті әділ-қазы

алқаларына береміз.Қатысушыларымызды марапатталады.

 Қорытынды:

                Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім

               Жыр жазсам, оған  жұртым елеңдестің.

               ..Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

                Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

           Иә, өлең өлмейді.Ендеше оны жазған

ақын да өлмейді. Ақынның өлеңін еңкейген қарттан тәйтейлеген баласына біледі

деп айтсам қателеспейтін шығармын.Арыз жазып кеткен ақынның артына із қалдырған

сөздерін жүрегімізден орын  тапты. Тарлан

талант Мұқағали ақын да уақыт өткен сайын дараланып, биікке өрлеп, туған

халқымен бірге жасауда.Мұқағали  мұрасы

–халық қазынасы.

        Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен

бірге мәңгілік жасай береді деп ойлаймыз. Барлық қатысқан оқушыларға көптен-көп

рахмет айтамыз.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 302


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст