"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Новоселовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Новоселовка отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 наурыз «Алғыс айту күні»

26.04.2017

Тақырыбы: 1 наурыз «Алғыс айту күні»                               

Өмірге риза болып, алғыс айт

                                                        

«Халық даналығы»

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары

туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

–          үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық

қарым-қатынасын дамыту;

–          әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке

тәрбиелеу;

Көрнекі құралдары: оқулық, дәптер, кеспе бата

қағазы.

І.Ұйымдастыру бөлімі:

А)Психологиялық дайындық «Мен саған алғыс білдіремін,

өйткені...»

В)Топқа бөліну(стикерлер

бойынша)

-Ризашылық дегеніміз не? 

-Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер? 

- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді? 

- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты? 

- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

ІІ.Жаңа сабақ.

Мұғалім сөзі: Қазақстан

Республикасының Президентінің «Қазақстан

Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына

өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені айтылады: 

             Алғыс

айту күні — 1 наурыз.

2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының

«Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу

салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын

еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар

түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың

еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды

саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деді

Президент.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын

еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш

баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің

бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері

жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей

бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», — деді

ол.

            «Қазақстан

халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да

болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық

білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді

Қазақстан Президенті.

           Алғыс —

біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе

қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де

білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын,

өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқыныңұғымында неғұрлым көп Алғыс алған

адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді. Алғысқа

қарсы мағына —қарғыс.

               Әлем

елдерінде    

       Ал АҚШ және

Канада халықтары  Алғыс айту (Thanksgiving Day) күнін  қараша айының

әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтетін көрінеді. Атаулы күн алғаш рет 1621

жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып,

адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың

көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да

көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет

айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық. Себебі, ағылшындық

колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген

екен.

   Кейіннен, яғни,

1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет

айту күнін «Ұлттық мереке» деп

жариялаған. Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып,

туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар

ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша,

азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі

киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады.

            

Оқушылар  өлең оқиды.

Анама алғыс!

Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде.

Еңсесі түзу жан болар

ма едім?

Құба талды бесігін тербетпегенде.

Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа 

Қуанышы тасыған еңбектегенде.

Әкеме алғыс!

Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей.

Өмірімде бөрідей болуға баулып 

Қойынына басатын бөлтірігіндей.

Бақытым болар жырымды жария етсем 

Әуелеген әкемнің еркін үніндей.

Ұстазға алғыс!

Бағым жанып,батылмен бел асқаныма.

Төзіндіріп өмірдің талаптарына

Ниеттеген арманның ең асқағына.

Арқасында ұстаздың даналар баққан 

Ой-өрісім бұл күнде тең аспаныма.

Досыма алғыс!

Бірге қарсы шығатын қиындықтарға.

Ең бақытты ер болып жүретін едім

Қысылғанда достарым күйімді ұққанда.

Көтеретін еңсемді егіліп,талсам 

Жақсылықты жамандық зұлым жыққанда.

Еліме алғыс!

Балаң едім батаңмен жанатын бағы.

Нәтижесі тілектің өзіңнен туған

Мына ұлыңның ақын болып жаратылғаны.

Қол жеткізіп еліме тарту етемін 

Биіктікті қыранның қанатындағы.

                  Қызығушылықты

ояту: «Алғыс» (ассоциация)

ІV.Топтық жұмыс:

1-топ: Алғыс

айту күнi этносаралық достыққа және түсiнiстiкке әкеледi, өйткені...

2-топ: Өмірге риза болып, алғыс

айт...

Дәптермен жұмыс:

«Алғыс күні-еліміздегі ұлттардың бірлігін нығайтудың

негізі»

(эссе жазу)

Сахналау.

Оқушылар өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық

білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырылады.

І топ: Мұғалімдерді

мерекемен құттықтау сәтін сахналау;

ІІ топ: «Ұландар»

тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.

Қорытындылау:

Оқушылар бір-біріне  тілектерін алғыстарын жазады

«Ашық микрофон» әдісі бойынша (оқушылар

бір-біріне сабақтан не үйренгенін, не білгенін, не түсінгенін айтып шығады).

Ашық сабаққа қатысқан  оқушыларға алғысымыз шексіз.

 

 

Просмотров: 397


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст