"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Новоселовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Новоселовка отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы іскер әйелдер қауымдастығы»

30.11.2017

 

2017 жылдың қараша

айының 23 жұлдызында «Рухани жаңғыру»

жоба аясында Щучинск

қаласында «Ақмола облысы  іскер әйелдер

қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің 

ұйымдастырыуымен  жас келіндер

арасындағы «Қазақтың келіні» атты облыстық шығармашылық байқау өтті.

 

                   

Байқаудың мақсаты:

    Отбасы

құндылығын насихаттау, жастарға рухани-адамгершілік тәрбиесін беру, жас отбасылардың интеллектуалды және

шығармашылық қасиеттерін  анықтап,ынтымақтастық сезімін және салауатты бәсекелестіктерін дамыту Ұлттық

салт-дәстүрін, ырымдарын дәріптеу, жастардың бос уақыттарын дұрыс

ұйымдастыру және мәдени-этикалық құндылықтарды тәрбиелеу.

Байқау төрт кезеңнен өтті.

-        

Өзін-өзі таныстыру (әр қатысушы өзі, отбасы, балалары туралы еркін немесе басқа түрде айтып

беруі тиіс,  видео-ролик немесе слайд

қолдануға болады)-3мин;

-        

Шығармашылық байқау (би, ән, немесе басқа, әуен жазылған дискі ертерек тапсырылуы тиіс) 3 мин.;

-        

Ұлттық салт-дәстүрді көрсету (жұбайы, отбасы мүшелерінің қатысуымен);

Қатысушының өз

қолымен дайындалған ұлттық тағамдардың көрмесі, әр тағам туралы ауызша мәлімет

беру.

    Бұл байқауға  Новоселовка орта мектебінің тәрбие ісінің

орынбасары Қонай Сайрангүл қатысты. Қонай Сайрангүл  белсене қатысып, ауданымыздың мектебіміздің

абыройын қорғап,  2 орынға ие болып, дипломмен

және бағалы сыйлықпен марапатталды. Әр кезең бойынша өзінің бар талантын

көрсете білді. Әділ қазылардың , көрермендердің қошеметіне ие болды.                 

            

                                                  

Новоселовка орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі: Асан Жанарпай

 

Просмотров: 143


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст