"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Новоселовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Новоселовка отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптасыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» бағдарламасы жайлы ақпарат

06.02.2018

«Денсаулық пен өмірлік дағдыларды

қалыптасыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу»

бағдарламасы жайлы ақпарат

 

         Ақмола облысы Шортанды ауданы

Новоселовка орта мектебі де физикалық және психикалық денсаулықты нығайту

бағдарламасына қатысуда. Аталмыш бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім

және ғылым министрлігімен және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрлігімен бекітілген.

Бұл бағдарлама оның 3 түрлі құрамдас бөлігін жүзеге асыру арқылы

жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайтуға және өзін-өзі бүлдіру

әрекеттерінің алдын алуға бағытталады.

Мектеп қызметкерлерін оқыту – мектеп ұжымының қатысуымен стресс жағдайында

жүрген немесе өзін-өзі бүлдіру әрекеттері туу қатері жоғары топқа жатуы ықтимал

оқушыларды анықтау әдістеріне үйретуге бағытталған дәріс жүргізілді. Дәріске 18

мұғалім қатысты.

Оқушылардың хабардарлығын арттыру бағдарламасы сыныпта арнайы дайындықтан

өткен психолог маманмен өткізілетін және оқушылардың психикалық денсаулық

саласындағы хабардарлығын арттыруға, шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға және

қажет болған жағдайда психологиялық көмек іздеуге итермелеуге бағытталған үш

дәріске негізделген. Бағдарламаның бұл бөлігінде әр балаға кітапша берілетіні

жайлы түсіндіріліп өтті. Арнайы плакаттарды стендтерге ілнетіні және ата-аналар

жиналысы өтетіні айтылды.

           Бағдарламамен танысып шығу үшін  мектеп психологы өткізетін арнайы презентациялармен

таныстырылды.

 

Просмотров: 247


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст