"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Новоселовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Новоселовка отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіз ел тарихы

06.02.2018

       Тәуелсіз ел тарихы – отаншылдықтың, ерліктің,

елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең тарих. Ежелден қазақтың ең асыл

мұраты еңселі ел болу еді. «Елім»- деп еңіреген ақындарымыз « Егемен болмай, ел

болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлайтын еді. Арғы замандарды

айтпағанның өзінде, тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы

жолында екі жүзден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққаны – осының дәлелі.

Мұнан 26 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы – Алтай мен Атыраудың арасын алып

жатқан даланың мына дарқан төсін қанымен, терімен суарған ата-бабаларымыздың

қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз. Қазақстан ХХІ ғасырға Тәуелсіз мемлекет болып аяқ басты.

        Тарих

пәнінің мұғалімі Абдиев Ашим Абдиевич оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, өз

Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу ,бойына патриоттық сезімді

қалыптастыру, сыйластыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу  мақсатында әрдайым ашық тәрбие сабақтар

өткізіп барады. Оқушылар баяндама дайындап, «Блиц-турнир» сұрақтарына белсенді

қызыға отырып жауап береді.

     Осы өткізілген

шаралар оқушылардың Еліне, жеріне деген көзқарасын дұрыс қалыптастыруда маңызы

зор.

Просмотров: 235


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст