"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Новоселовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Новоселовка отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Новоселовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 65 жылдық мерейтойы атап өтілді

19.10.2022

Новоселовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 65 жылдық мерейтойы атап өтілді.

Жетінші қазанда мектебіміздің 65 жылдық мерейтойына арналған бірқатар іс-шаралар өтті. Іс-шараларға келген қонақтардың қатарында аудандық оқу бөлімінің басшысы Ахметова Шолпан Хасеновна және мектебіміздің түлектері қатысты. Мерейтойға арналған іс-шара мектеп ішімен танысу,көрмелер,музей және кітапханаға бару рәсімдерінен бастау алды. Одан соң мектебіміздің 65 жылдығана арналған концерттік бағдарлама өтті.
Салтанатты іс-шара барысында мектеп директоры Айтпаева Асем Жолдыбаевнаның құттықтау сөзімен бастау алды.Сөз кезегін аудандық оқу бөлімінің басшысы Ахметова Шолпан Хасеновна жалғастырып,әрі қарай қонақтарға берілді және білім берудің мазмұны мен әдістемесін жетілдіруге сіңірген еңбектері үшін ұстаздарға алғыс хаттар табыс етілді.

Мектеп тарихы сонау 1957 жылдан бастау алғанына биыл 65жыл толып отыр.
Новоселовка орта мектебінде қазақ тілді білім алатын сыныптар 1996 жылы ашылған. Қазіргі уақытта мектебіміз аралас мектеп болып саналады.Сонымен қатар мектептің материалдық -техникалық базасы жақсарды.
Мектеп 2021жылы толық күрделі жөндеуден өтті. Жаңартылған мектепте оқу кабинеттері жаңа жиһаздармен жабдықталды. Сондай-ақ физика кабинеті жаңа технологиялық жабдықтармен қамтылды.Осындай толық жабдықталған кабинеттердің ішінде биология кабинетіде бар.7 оқу кабинетінде жаңа үлгідегі сабақ беруге арналған проекторлар орнатылған.
Осы киелі шаңырақтан талай шәкірт білім нәрімен сусындап, отанымыздың игілігіне қызмет арқаруға өмірлік жолдамамен аттанды.

Видеообзор мероприятия в Инстаграм на странице аккаунта @gunovoselovska.sh

 

Просмотров: 141


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст